Тәжікстандағы жағдай гуманитарлық апатқа жақындап келе жатыр - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстандағы жағдай гуманитарлық апатқа жақындап келе жатыр - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы

Тәжікстандағы жағдай гуманитарлық апатқа жақындап келе жатыр - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы

Мәскеу. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстандағы жағдай гуманитарлық апатқа жақындап келе жатыр, деп есептейді Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының құзырлы өкілдері. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жанындағы тұрақты кеңес төрағасы, Қырғызстанның құзырлы өкілі Зәмірбек Мәмбетжүнісов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Ақпан 2008
  • 369
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жанындағы Кеңес отырысында мемлекеттердің құзырлы өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаның бұрын-соңды болмаған аяз бен өткір қуат дағдарысымен байланысты Тәжікстанда орын алған жағдай туралы ақпаратын тыңдады.

«Құзырлы өкілдердің бағалауына сүйенсек, Тәжікстандағы жағдай гуманитарлық апатқа жақындаған. Қазір біз республикаға келіп жатқан гуманитарлық көмек жайында емес, көп жоспарлы жұмыс жайында сөйлесуіміз керек», — деп хабарлады З. Мәмбетжүнісов.

Кеңес Н. Бордюжаға жағдайға оқиға орынында баға беру және мемлекет басшыларына баяндама дайындау үшін Тәжікстанға жедел топ жіберуге, сондай-ақ, Ұйымға мүше мемлекеттерге Тәжікстанға ұзақ мерзімге көмек көрсету шараларын жасау мақсатында консультация өткізуге ұсыныс жасауға кеңес берді.

«Құзырлы өкілдер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай орын алғанда жедел көмек көрсету механизмін жасау қажеттілігі жөнінде ұсыныс жасады», — деді З. Мәмбетжүнісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті