Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдықта 2 млрд 325,7 млн АҚШ долларын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдықта 2 млрд 325,7 млн АҚШ долларын құрады

Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдықта 2 млрд 325,7 млн АҚШ долларын құрады

Душанбе. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның электр қуаты мен табиғи газды қосып есептегендегі сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдықта 2 млрд 325,7 млн АҚШ долларын құрады. Тәжікстанның Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш өткен жылдың көрсеткішінен 24,3 пайызға артық болып келеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Шiлде 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Азия-Плюс» агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, сауда балансы теріс болып шыққан. Осылайша, импорт экспорттан 2 есе — $745,9 млн. асып түскен. Тауар экспорты ағымдағы жылдың қаңтар — мамырында $789,9 млн құраған. Ол өткен жылғымен салыстырғанда 53,5 млн АҚШ доллары артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті