Тбилиси қаласында ЕвроАзиялық биржалар Федерациясы жұмыс комитетінің жиналысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тбилиси қаласында ЕвроАзиялық биржалар Федерациясы жұмыс комитетінің жиналысы өтеді

Тбилиси қаласында ЕвроАзиялық биржалар Федерациясы жұмыс комитетінің жиналысы өтеді

17-18-мамырда Тбилиси қаласында ЕвроАзиялық биржалар Федерациясы жұмыс комитетінің жиналысы өтеді. Оған Әзербайжан атынан Баку банкаралық валюта биржасы мен Баку қор биржасының өкілдері қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Баку банкаралық валюта биржасынан (BBVB) хабарлады.

  • 25 Сәуiр 2005
  • 575
Фото - Caravan.kz

Жиналыста аймақтағы биржалардың іс- қызметін технологиялық тұрғыда біріздендіру, қор рыноктарының индексін есептеу, өзара мәліметтер алмасу мәселелері талқыланады. Инвесторлар үшін Қазақстан мен Әзербайжандағы дамушы рыноктар туралы ақпараттар таратылады.

Сонымен қатар 26-27-мамырда Бішкекте құнды қағаздар рыногы бойынша конференция өтеді деп межеленген. Онда Еуразиялық рыноктарда «көгілдір фишкаларды» қалыптастыру мәселесі мәселесі сараланады.