Тбилисиде ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тбилисиде ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Тбилисиде ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Алматы. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тбилисиде ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Шiлде 2008
  • 409
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс күн тәртібінің жобасына тоғыз мәселе енгізілген. Атап айтсақ, Адам саудасы, адамның дене мүшелері мен тканьдерінің саудасымен күрестегі ынтымақтастық жөніндегі мекемеаралық келісім мен Адам саудасымен күрес саласындағы 2008-2010 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасының жобасын талқылау межеленген. Бағдарлама Армения Республикасының бас прокуратурасының бастамасымен жасалған, ол ТМД аумағындағы адам саудасымен күрес сапасын көтеруге бағытталған. Құжатта қарастырылған шаралар кешені ықпалдастықтың ағымдағы ахуалын талдауға негізделген.

Кеңес мүшелері сонымен бірге заңсыз көші-қонға қарсы тұру мәселелерін қарайды. ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәліметінше, 2008 жылдың басындағы жағдаймен ТМД елдерінде 279,9 млн адам тұрған. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 2007 жылдың аяғында 134 млн адамды, жұмыссыздардың жалпы саны 7 млн астам адамды құрады.

«Олардың басым бөлігі өздері мен отбасын асырау үшін заңсыз жолдармен басқа мемлекеттерге жол тартады. Осындай жағдайда ТМД елдері үшін заңсыз көші-қонға қарсы күрес басымдыққа айналады және аталған зұлматпен күрес шарасының тиімділігі мен оны мемлекетаралық деңгейде ынтымақтаса үйлестірудің өзектілігі арта түседі», — деп хабарлайды ТМД Атқару комитеті.

ТМД елдері бас прокуратураларының ықпалдастығындағы басты бағыттардың бірі түрлі мәселелер бойынша ақпарат алмасу болмақ.

Сонымен бірге, бас прокурорлар Үйлестіру кеңесі жөніндегі ереже мен Кеңестің 2008-2010 жылға арналған жұмыс жоспарын, шетел азаматтарының халықаралық бала асырап алуына байланысты істердің заңдылық ахуалын және басқа да бірқатар мәселелерді талқыламақ ниетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті