Театрдағы қойылым кезінде балконның бір бөлігі құлап, 88 адам түрлі жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Театрдағы қойылым кезінде балконның бір бөлігі құлап, 88 адам түрлі жарақат алды

Театрдағы қойылым кезінде балконның бір бөлігі құлап, 88 адам түрлі жарақат алды

Apollo Лондон театрында қойылым кезінде балконның бір бөлігі құлап түсті, деп хабарлады Би-Би-Си. Аталған жағдай 19 желтоқсан күні театр көрермендерге толы кезде орын алды. Қираған кезде театр ғимаратында 700-ге жуық адам болған.

  • 20 Желтоқсан 2013
  • 534
Фото - Caravan.kz


Оқиға орнында болған куәгерлер алдымен қатты дыбыстың шыққанын, кейін балконның құлап түскенін айтқан. Театрдың күмбезі партердегі көрермендердің үстіне түскен.

Көрермендердің біразы үйінді астында қалды, көп ұзамай олардың бәрі құтқарылды, деп хабарлады Лондонның өртке қарсы қызметінен. Төбенің опырылуынан кем дегенде, 88 адам түрлі жарақат алып, олардың жетеуі ауыр қалде деп хабарлады қалалық полиция.