Ал өнертапқыштардың идеяларын өндіріске «қосады» деп салынған технопарктер жеке компанияларға кеңселерін жалға берумен шектеліп отыр. Қазір Астана, Алматы, Өскеменде осындай ірі-ірі технопарктер бар. Олардың жыл сайынғы шығынына қазынадан қыруар қаржы жұмсалады. Бірақ, экономикаға еш пайдасы жоқ. Дәл осы мәселені сынаған депутаттар жуық арада технопарктерге отандық кәсіпкерлер мен инвесторларды тартып, шетелдегідей табыс көзіне айналдыруды ұсынды.
Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:
-. Әйтпесе, технопарктер мемлекетке әбден масыл боп алды. Енді өздері ақша тапсын. Мысалы, әлемде жеке бизнес инновацияға капиталын салып, мол табыс тауып отыр. Бізге неге солай етпеске?