Тель-Авив тегін Интернет қаласына айналады
Тель-Авив өкіметі интернетке сымсыз тегін қолжетімді желіні құрғаны үшін Motorola Solutions компаниясына 2 миллион доллар төлейтін болды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. |
Интернетпен ең алдымен, қала тұрғындары мен туристер демалуды сүйетін аумақтарды қамту көзделуде. Мэриядан хабарлауынша, жағажай аймағын, теңіз жағасын, оған параллель көшелерде 80 қолжетімді нүкте орнатылады. Сондай-ақ Ескі Яффо, қоғамдық саябақтар, және басқа да халық көп жүретін жерлер тегін интернетпен қамтылады. Муниципалитет басшысы Рон Хульдаи қала билігі алдағы уақытта да әлемнің ең инновациялық қалаларының бірі ретіндегі беделін арттыру жолындағы жұмыс жалғаса түсетініне уәде берді.
Бұған дейін қаладағы қоғамдық орындардағы тегін интернетке қол жеткізуді шартты түрде ғана айтуға болады. Мәселен, мейрамханалар мен дәмханалардағы сымсыз байланысты пайдалану үшін тағамға тапсырыс беру қажет. Ал қонақүйлер өздерінің тұрғындарына ғана қызмет көрсетеді. Ал «сырттан келген» адамдар қолжетімділік кодын сатып алуға мәжбүр және бағасы да жоғары.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін