Жарияланды: 370

Телефонмен тіресіп қалған депутат пен кәсіпкер мәселені сотта шешпек

Турфирма директоры мәжілісмен Светлана Романовскаяны оңдырмай балағаттап, қоқан-лоқы жасады деп айыптады. Кәсіпкер тіпті халық қалаулысы екеуінің арасындағы ұрыс-керісті таспаға жазып, ғаламторға салған. Ал дауға себеп болған туристік жолдама екен. Депутаттың өзі қазір Түркияда демалып жүр. Келген соң мәселені тек сотта шешпекші.

Депутат Светлана Романовская жазғы демалыстың қамын қыста ойлап, жарты жыл бұрын Түркияға жолдама алған екен. Халық қалаулысы «TourMagazine» компаниясы арқылы бизнес-класстан екі билет сатып алыпты. Сөйтсе, бұл турфирма 700 жуық туристі тентіретіп, кейін жабылып қалған «Travelsystem» компаниясымен бірігіп жұмыс істеген екен. Сонықтан қожайыны депутаттан эконом-класспен ұшып, қалған қаржысын қайтарып беруге ұсыныс жасаған.

Әсел Нұркебаев, туристік компания басшысы:

- Депутат бұған мүлдем көнбеді.Қырамын-жоямын деп қорқытты. Бірінші балағатын таспаға жазып үлгермедім. Екінші ретінде де бас-көзге қарамай айқайды салды.

Кейін кәсіпкер «Романовская мені балағаттады» деп Мәжіліс  төрағасына ашық хат жолдаған. Екеуінің арасындағы әңгімені таспаға жазып, тіпті әлеуметтік желілерге таратыпты. 

- Дай мне коды или еще что-нибудь.

- Какие коды?

- Чтобы я, бл...дь, тебя никогда не видела нахер! Вообще уже надоела ты мне!

- Я приеду из Турции бл..дь я от тебя мокрого места, сука, не оставлю.

- Да вы что? За что?

- Ты посмотришь, что я из себя представляю! Я больше с тобой цацкаться не буду!

Романовскаяның өзі қазір сол Түркияда бес жұлдызды қонақ үйде демалып жүр. Телефон арқылы хабарласқанымызда, депутат тапсадағы ұрыс-керістен бейхабар екен. Кәсіпкерді мүлдем балағаттағаным жоқ деп отыр. Керісінше, турфирма басшысының талай рет дауыс көтеріп, тіл тигізгенін айтады.

Светлана Романовская, Мәжіліс депутаты:

-  Елге келген соң турфирма басшысына қатысты сотқа арыз жазамын. Адвокаттармен сөйлесіп қойдым. Менің демалысымды бұзды. Түркияға келсем, жарты жыл бұрын алып қойған қонақ үйдің ақысы төленбеген. Яғни, жұрттың ақшасы заңсыз айналымда жүр. Депутат емес, тұтынушы ретінде өз құқығымды қорғаймын. Сөйтіп, туристерге үлігі көрсетемін.

Кәсіпкер мен депутат арасындағы дау қазір қоғамда да қызу талқылануда. Заңгерлердің айтуынша, депутат жұмыстан тыс жерде де мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодекісі бойынша балағаты үшін жазалануы тиіс.

Мақсат Ілиясов, заңгер:

-  Романовскаяның да дөрекі әрекеті дәлелденетін болса, партиядан да шығуға және депутаттақ мандатынан айырылып қалуға толық негіз бола алады.Тур агенттіктің төрайымының табандылығына байланысты.

Ал, Рамоновская екі аптадан кейін ғана елге оралады. Депутат тынығып, теңіз жаағсында әбден күнге қыздырынып келген соң көптен күткен демалысының шырқы бұзған кәсіпкерді сотқа сүйремек. Яғни, 24 жыл тұтынушылардың құқығын қорғау лигасын басқарып келген Романовскаяға  енді өз басын даудан арашалап алуға тура келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін