"Темірін сұрап әлектенді": Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуінен көңілі қалғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Темірін сұрап әлектенді": Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуінен көңілі қалғанын айтты

"Темірін сұрап әлектенді": Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуінен көңілі қалғанын айтты

Экс-күйеуінен көңілі қалған Мөлдір Әуелбекова жол апаты жайлы тағы бір пост арнады.

  • 8 Ақпан 2022
  • 1551
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мөлдір Әуелбековаға бұрынғы күйеуі көлік сыйлап, кейін көлікті 5 миллионмен бірге қайтаруды талап еткен!

"Кешегі мен түскен ДТП жайлы сторисімді қарап, жағдай сұрасып, қолдап жатқандарыңызға рақмет. Негізі, түбінде бұл жерде мәселе сол темір немесе 5.000.000 тг де емес қой… Мені қыңжылтып тұрғаны, көлік иесіне аварияға түсіп қалдым дегенде, өзің амансың ба, тірісің ба деп сұрауға шамасы келмеді… Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің ба сен, деп темірін сұрап әлектенді… Айтарға енді басқа сөзім жоқ. Соңғы нүктесі осы болды. Аллаға тапсырдым. Алла әділ. Реттейді. Тек сабыр мен уақыт керек". — деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуі көлік сыйлап, кейін апатқа ұшыраған кезде көлікті 5 миллион теңгемен бірге қайтаруды талап еткенін
айтқан болатын
.

Соңғы жаңалықтар