Теміртау метталлургиялық комбинатының қожайыны Лакшми Миттал үш күнде 80 млн доллар шашты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртау метталлургиялық комбинатының қожайыны  Лакшми Миттал үш күнде 80 млн доллар шашты

Теміртау метталлургиялық комбинатының қожайыны Лакшми Миттал үш күнде 80 млн доллар шашты

Әлемді таңғалдырған аста-төк той! Болат магнаты,  Теміртаудағы метталлургиялық комбинаттың  қожайыны Лакшми Миттал қарындасының ұзатылу тойын Испанияның Барселона қаласында дүркіретіп өткізді. Сауық-сайранды жақсы көретін Митталдар отбасы  үш күнде  80 млн доллар шашқан. Бір қызығы жақында Қазақстанға келіп кеткен миллиардер  табысының азайғанын айтып кеншілерді үнемге шақырған еді. 

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 424
Фото - Caravan.kz

Ерке қыздың тойы Испанияның Барселона қаласында өтті. Дүниежүзінен 500-ден астам қонақ шақырылған. Жергілікті арналар тойдың қалай өтіп жатқаны туралы сәт сайын тікелей эфирден хабарлап отырды.

Ал ұзатылу кеші ертегідей. 36 жастағы  банкир киеу жігіт сүйіктісіне ақ боз атпен келді. Теңін тапқан 26 жастағы Шристиден бай ағасының аянбағаны көрініп тұр. Митталдар әулиеті бұл күні ақшаны судай шашты. Жас жұбайлардың құрметіне атақты әншілер шақыртылған. Оларға төленген қаржыда қисап жоқ. Міне, болат магнаты Лакшми Миттал қарындасына тілек айтып тұр.

Қысқасы, ұзатылу тойы үш күн үш түнге ұласқан. Қалтасы қалың қонақтар қымбат жерлерде қыдырды. Тас мүсіндерге асылып суретке түсуді ұмытқан жоқ. Қалыңдықтың да көңіл күйі көтеріңкі. Сүйікті қарындасы үшін миллиардер Миттал Католонияны тұтас жалған алғандай. Осындағы  билік  меймандарға ешкім кедергі келтірмес үшін туристер ағылып келетін ұлттық мұражайлардың жұмысын тоқтатқан. Жолдарды да жапты. Мұндай думанды көрмеген жергілікті  жұрт аң-таң.

— 
Үндістанда халықтың өте кедей тұратынын білеміз. Ал бұл адамдар ақшаны қалай тапқан? Есімнен танғалы тұрмын. Ысырап қой

 Бір қызығы, қазақтың ен байлығын шашып жүрген олигарх жұмысшыларына келгенде тиын санап қалады. Соңғыларының   Теміртаудағы метталургиялық комбинаттың қожасына   сұрағы көп. Өйткені өтемақы ала алмай жүргендері өздеріне от қойып қауіпті қадамдарға баруда. Ал тойға  ақшаны уыстап шашқан миллардер 2 апта бұрын Теміртауға келіп кеншілерді үнемшілдікке шақырған-ды. Алайда ол олигархтың өзіне жүрмейді екен. Айта кетсек,бұған дейін  арызқой Миттал Қазақстан президентіне шенеуніктер мен судьялардың үстінен шағым жазып әділетсіздікке күйінген.