Жарияланды: 560

Теміртау прокуратурасы Қарағанды облысының Ақтау кентінде ірі қара малдың қырылу дерегіне байланысты тексеру жүргізе бастады

Қарағанды. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Теміртау прокуратурасы Қарағанды облыстық табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп Қарағанды облысының Теміртау қаласының маңындағы Ақтау кентінде ірі қара малдың қырылу дерегіне байланысты тексеру жүргізе бастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеруге төтенше жағдайлар басқармасы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасының, Нұра-Сарысу экологиялық департаментінің мамандары тартылған. "Химиялық және радиоактивтік заттардың бар-жоқтығын тексеру үшін ауа, топырақ және су сынамалары сараптамаға алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бұдан бұрын да хабарлағаныимыздай, Қарағанды облысының Теміртау қаласы Ақтау кентінде 10 тамызда жеке қораларда мал қырыла бастаған (7 ірі қара, 41 ұсақ мал, соның ішінде 8 қой мен 33 ешкі). Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін