Бұрынғы әскери нысан орнында қазір насос стансасы салынып жатыр. Жарылғыш заттар траншея қазу кезінде 1 метрлік тереңдіктен шыққан. Қазір оқиға орнына саперлар тартылып, миналар полигонга тасылуда. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы Қорғаныс минситрлігінен аумақты жіті тексеріп шығуды сұрап отыр. Өйткені біраз күн бұрын осы жерден тағы 4 мина табылған екен.