С. Саукомбеков айтқанында, Теміртау қаласы прокуратурасы «Bassel Group LLS», ЖШС су заңнамасының қолданылуын тексерген. Олардың шаруашылық қызметі бойынша нормалық талаптарға сай, шаруашылық, өндірістік таза сарқынды су шығарады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, кәсіпорын Самарқанд су қоймасының тікелей су жүйесі бойынша техникалық сумен қамтамасыз етіліп отырады. Алынған су турбина конденсаторларын суытуға пайдаланылып, оның құрамы өзгертілмей, қайта су қоймасына жіберіледі.
«Құдықтарды тексеру барысында су бетінде майлы дақтардың бары анықталды. Су құрамында мұнай өнімдері мен басқа да заттар қалдықтарының барын анықтау үшін, су зертханаға жіберілді», — деп хабарлады С. Саукомбеков.
Прокурор орынбасарының ақпараты бойынша, зертханалық тексерулер су құрамында мұнай өнімдерінің нормалары шектен тыс шыққандығын анықтаған.
«Самарқанд су қоймасына нормадан тыс зиянды қалдықтарды жібергендігі үшін есептелген шығын мөлшері 5 млн 983 мың 243 теңгені құрады. Экономикалық соты прокуратураның өтініш талаптарын толық қанағаттандырды. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық сотының азаматтық коллегиясы экономикалық сот шешімін өзгеріссіз қалдырды», — деп қорытындылады прокурордың орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті