Теміртауда әйел сөмкесінің көрмесі ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда  әйел сөмкесінің көрмесі ұйымдастырылды

Теміртауда әйел сөмкесінің көрмесі ұйымдастырылды

Қыз-келіншектердің ажырамас атрибутына айналған бұйымды мұражай қызметкерлері олардың психологиясына бойлауға мүмкіндік береді дейді. Сонымен қатар, қандай қызмет істейтінін де сөмкесіне қарап білуге болатынын дәлелдегілері келген. Ал бастысы бір қолымен бала, екіншісімен әлемді тербеткен әйел затының жоғарғы жауапкершілігін мереке алдында тағы бір паш етуге тырысыпты. 

  • 1 Наурыз 2014
  • 217
Фото - Caravan.kz

Әйел сөмкесінің пайда болуына да еркектер себеп екен. 19-шы ғасырдың ортасында Францияда шыққан мына пампадур дорбашықты алдымен еркектер асыныпты. Кейін, ерегіскендей мұны әйелдер де иығына іліп, редикюль деген ат қойып алған. Жылдар өтті, заман ағымына қарай еркектен гөрі қыз-келіншектердің сөмкеге деген деген мұқтаждығы артып, кейін сән қуып кете барды. Әйелдің сана сезіміне байланысты бөлінетіндері де сан алуан. Сөмке ұстасына қарап өмір сүру дағдысын анықтауға болатыны  шындыққа жанасады дейді келушілер.

Татьяна Войтенко, Теміртау қаласының тұрғыны:

-Әркімнің өз талғамы бар. Сондықтан талғамға қарап адамын білуге болатыны рас. Осы уақытқа дейін мән бермеген екем. Көрмені ұйымдастырушылардың тапқырлығына таң қалып тұрмын. 

-Мынау 50-ші жылдардағы әйел сөмкесі. Мұнда айна, тарақ, иіссу, опа далап бар. Шамамен мұндай тұрмысқа қажетті заттар 90 жылдардағы және қазіргі заманғы барлық әйелдердің сөмкелерінен табылады. Әйел сөмкесінен табылып жататын заттарға еркектің санасы бойлап болмайды. Тіпті сол әйелдердің өздері де өз сөмкелерінен табылатын заттарға таңданады екен.


Лейла Әлекеева, мұражай қызметкері:

-Бәрі бар ішінде, былтырғы киноға барған билеті бар, театрғы барған билеті бар. Квитанция, чектері бар. Керек боп қалады ау деп қимайсың, тастамайсың, жинай бересің әйтеуір. Мысалы дәрігер адам келді, оның сумкасында фанендсокоп, дәрілері термометрі болды. Ал мұғалімдер келген оларда дәптер қаламсап, біреу емес бірнеше.

Көрмедегі фотосуретерге қарасаңыз да көз сүрінеді, езу тартқызады. Апельсин, банан, дәрі дәрмек, кофе, беторамал, калькулятор телефон, тізе берсе адам жанына керектің барлығы әйел сөмкелерінен шыққан. Сондықтан әйелдің ойындағыны кейде өзіміз де түсіне бермейміз деген көрме қызметкерлері еркектерге оны ойлап бас қатырмай, жиі еркелетуді ескертеді. Мәселен алдағы мерекені естен шығармай талғамына сай келетін мынадай бір сөмке силау.