Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" цехында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" цехында өрт шықты

Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" цехында өрт шықты

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" цехында өрт шықты, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметтері бойынша, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ кокс химиясы өндірісінің көмір дайындау цехында тасымалдау галереясының У-7, У-8 конвейрлері отқа оранып (300 шаршы метр жерде тасымалдау ленталары мен электр сымдарының оралымдары өртенді ), соның салдарынан тасымал галереясы құлады.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Жұмыс орныққан тәртіп бойынша жүргізілді. Тілсіз жау «Өрт сөндіруші» бөлімшесі және ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды. Бұған жеке құрамдағы 50 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті