Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында радиоактивті металл тиелген вагон табылды
Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында радиоактивті металл тиелген вагон табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында 12 тамызда сағат 11.35-те Ақмола облысының Макинка станциясынан келген, "Диас Интер"ЖШС жіберген №85371312 вагонда радиациялық бақылау жүргізген кезде шектеулі сәуле деңгейінен 750 мкр/сағ арту оқиғасы тіркелді.
Вагон "Арселор Миттал Теміртау"АҚ -ның копр цехының тұйықталымында тұр. Вагондарда тиелген металл бүгін түсіріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін