Жарияланды: 520

Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында радиоактивті металл тиелген вагон табылды (толық нұсқасы)

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында радиоактивті металл тиелген вагон табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында 12 тамызда сағат 11.35-те Ақмола облысының Макинка станциясынан келген, "Диас Интер"ЖШС жіберген №85371312 вагонда радиациялық бақылау жүргізген кезде шектеулі сәуле деңгейінен 750 мкр/сағ арту оқиғасы тіркелді. Вагон "Арселор Миттал Теміртау"АҚ -ның копр цехының тұйықталымында тұр. ТЖМ мәліметінше, "13 тамыздағы сағат 18.00-дегі жағдаймен вагоннан металлды түсіру барысында радиациялық фон көзі анықталды (диаметрі 50 мм, ұзындығы 500 мм металл құбыр сынығы), оның көрсеткіші 700 мкр/сағ болды. Радиоактивтік ластау көзі тәркіленіп, жарату үшін уақытша сақтауға қойылды. Қалған металл сынықтары өңдеуге жіберілді". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін