Теміртауда балаларды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда балаларды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

Теміртауда балаларды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

Теміртауда ер адам бірнеше рет сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, шкафтардағы балалардың жеке заттарын ұрлаған.

  • 29 Сәуiр 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға 14 жастағы егіз ұлдардың анасы хабарласқан. Әйел белгісіз біреудің балалары баратын сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінен олардың заттары мен спорттық құрал-жабдықтарын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңге.

"Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы барын анықтады. Олардың барлығы осы сауықтыру орталығында жасалған. Соныдай-ақ, ол 6 сәуірде бірінші сынып оқушысының құны 129 000 теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ол кезде қыз бассейнде жаттығып жүрген", — деді полиция.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр