«Полиция майоры, көші-қон полициясы бөлімінің басшысы шетел азаматтарынан бірнеше рет пара алды деген мәлімет алдық. Оған Тәжікстан азаматы араағайындық көрсеткен. Бөлім басшысы қызметтік кабинетінле 16 мың теңге алу кезінде ұсталды», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлжан Сүлейменова мәлімдеді.
Қаржы полициясы мәліметіне сәйкес, Тәжікстан азаматы көші-қон заңымен проблемасы бар өз отандастары мен өзге елдің азаматтарын ертіп әкеліп отырған.
Көші-қон бөлімі басшысының үстінен пара алды деген баппен, ал шетел азаматына пара алуға көмектесті деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Олар тұтқынға алынды.