Теміртауда қаскөйлер жергілікті газет ғимаратына өрт қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда қаскөйлер жергілікті газет ғимаратына өрт қойды

Теміртауда қаскөйлер жергілікті газет ғимаратына өрт қойды

Теміртауда жергілікті «Зеркало» газетінің ғимараты өртенді. Белгісіз біреулер түн ішінде кеңсенің терезесінен жанғыш заты бар құты лақтырған.

  • 8 Қараша 2012
  • 346
Фото - Caravan.kz

Оқиға таң ата болыпты. Бұл уақытта жұмыста әлі ешкім болмағандықтан, зардап шеккендер жоқ. Жанғыш зат толы құтыны қаскөйлер мына терезеден тастаған. Салдарынан жиһаз бен кеңседегі техника отқа оранды. Мамандар бұл қасақана істелген әрекет дегенді бірауыздан айтып отыр. Редакция алқасы да бұл қастандық қызметтерімен тікелей байланысты дейді. Өйткені аталған газет өткір мақалаларымен аймақтағы өзекті мәселелерді көтеріп жүрген басылым.


Павел Поповкин, «Зеркало» газетінің тілшісі:

— Міне, мынау толығымен жанып кеткен менің отыратын орным. Құжаттар да күлге айналған. Осы оқиғадан кейін шыны керек абдырап қалдық.

Соңғы жаңалықтар