Теміртауда шіріген картоптан екі адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда шіріген картоптан екі адам көз жұмды

Теміртауда шіріген картоптан екі адам көз жұмды

Теміртауда иістенген картоптан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz. Жертөлені иістенген картоптан тазалаймыз деген ер адам мен

  • 27 Маусым 2017
  • 336
Фото - Caravan.kz

Теміртауда иістенген картоптан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жертөлені иістенген картоптан тазалаймыз деген ер адам мен әйел көмірқышқыл газына уланып қалған. Теміртау қаласының ТЖ басқармасы хабарлағандай, оқиға гараждағы жертөледе болған көрінеді.

«Ер адам мен әйел гаражда былтырдан қалып қойған шіріген картопты шығару үшін жертөлеге түскен. Өкінішке қарай, олар қауіпсіздікті сақтап, жағымсыз иістен қорғайтын бетперде кимеген», — дейді Теміртау қаласының ТЖБ жетекшісі Арман Алпысбаев.

Картоп шіріген кезде оттегін сіңіріп алып, көмірқышқыл газын бөледі дейді маман.

«Оқиғаға туыстарының 5 жастағы баласы куә болған. Ол жоғарыда тұрып, тәтесінің әлсіреп, есінен тана бастағанын көрген кезде, сыртқа шығып, көлік жөндеп жүрген автосервистің жұмыскерлерін көмекке шақырған. Көмекке келгендер төменде құлап жатқандарды көріп, жертөлеге түспей, бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырыпты», — дейді құтқарушылар.


Сондай-ақ, иістенген картоптан үш өрт сөндіруші уланып қалды.

«Құтқару жұмыстары кезінде үш өрт сөндіруші зардап шекті. Концентрацияның күшті болғаны соншалық, олар да уланып, ауруханаға түсті», — дейді А.Алпысбаев.

Соңғы жаңалықтар