Теміртауда студенттерге екпе салған дәрігерлер жазалануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда студенттерге екпе салған дәрігерлер жазалануы мүмкін

Теміртауда студенттерге екпе салған дәрігерлер жазалануы мүмкін

Теміртауда қызылшаға қарсы жасалған екпеден кейін студенттердің жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 17 Ақпан 2015
  • 272
Фото - Caravan.kz

11 ақпан күні Теміртау медициналық колледжінің 178 студентіне қызылшаға қарсы екпе жасалған. Алайда сол күні өздерін жайсыз сезініп, тіпті естерінен танған 18 студент ауруханадан бір-ақ шықты. Дегенмен, өңірдің бас дәрігері вакцина салынған адамдардың 10-15 пайызынан осындай әсер байқалатынын жеткізіп, елді сабырға шақырған болатын. Десе де наразы болған ата-аналар дәрігерлерді жазалау туралы прокуратураға ұжымдық шағым түсірген.