Теміртауда жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты
Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Теміртау қаласында Нұра өзенінде 17 қыркүйекте сағат 11.30-да жер қазу жұмыстары кезінде жер қыртысы опырылып кетті. Соның салдарынан "Конкор" ЖШС-де істейтін 56 жастағы дәнекерлеуші үйінді астында қалып, жарақаттан ауруханада қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін