Вице-министрдің ақпараттарына сүйенсек, «Қазақстан темір жолы» инвентарлық паркін бүгінде 5200 астық тасымалдау вагоны құрайды». «Қазанда жүк жөнелтушілердің тапсырысы бойынша бізге 9 — 9,5 жуық астық тасымалдау вагоны қажет. Біз ТМД елдерінің темір жол әкімшілігімен жұмыс істедік, атап айтқанда, Қазақстан темір жолының президенті Жақсылық Күлекеев Украина мен Өзбекстанға барып, онда біз 4 мың астық тасымалдаушы көлемінде көмек туралы келісім жасауға қол жеткіздік»,- деп түсіндірді Ж. Қасымбек.
«Біз жылына 8 млн тонна (астық) артамыз»,- деді көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек, үкіметтің дүйсенбіде өткен селекторлық кеңесінде премьер-министр Кәрім Мәсімовтың қойған сұрағына жауап бере отырып.
«Бірінші құрам келіп те қойды, қазан айында бізде қажетті астық тасымалдаушы вагондар жеткілікті болады, және де ай сайын 1 млн тоннаға дейін астық арттыра аламыз»,- деп қосты ол.
Қазақстан теміржолының президенті Жақсылық Күлекеев өз кезегінде, «Компания қазірде Украинадан 3 мың астық тасымалдаушыны күтіп отыр, ал қарашаның ортасында Ресейден 2 мыңға жуық астық тасымалдағыш аламыз», деп қосты.
«Жалпы, менің пайымдауымша, біздің барлық астық өнімін (экспортқа — агенттік ескертп) шығаратын мүмкіндігіміз бар, экспортерлардың жыл сайынғы 8 -9 тонна тасымалдау мұқтаждығын қанағаттандыра аламыз»,- деді Ж. Күлекеев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті