Теңге әлемдегі әлсіз валюталардың қатарына енген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге әлемдегі әлсіз валюталардың қатарына енген жоқ

Теңге әлемдегі әлсіз валюталардың қатарына енген жоқ

Жыл басынан бері әлсіз деп танылған валюталардың тізімі шықты. АҚШ-тың Блумберг агенттігі жүргізген сараптама корытындысы бойынша, бірқатар посткеңестік елдердің валюталары әлсіз деп танылған. Тек тізімде біздің теңге де, соңғы жарты жылда екі еседей құнсызданған Ресей рублі де жоқ.

  • 28 Ақпан 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz

Ал әлсіз валюталар көшін Украинаның гривнасы мен Беларусь рублі бастап тұр. Украин валютасы күн санап антирекордтарды жаңартуда. Қаңтар айының өзінде ол 46 пайызға құнсызданған. Ал Беларусь рублі 36 пайызға арзандапты. Өзге «әлсіз» валюталардың жағдайы да мәз емес. Мәселен, Молдова лейі 35, Әзірбайжан манаты 33 пайызға құнын жоғалтқан. Ал соңғы бестікті Грузия лариі 30 пайызбен аяқтап тұр. Осы елдердің валютасының құнсыздануына Ресей рублі бағамының төмендеуі де себеп болды деп тұжырым  жасап отыр — Блумберг сарапшылары.