Теңге бағамы алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп күтеді Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге бағамы алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп күтеді Мәсімов

Теңге бағамы алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп күтеді Мәсімов

Теңге бағамы салыстырмалы тепе-теңдікке жақындады, алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп санайды Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов. 

  • 22 Қаңтар 2016
  • 438
Фото - Caravan.kz

"Менің ойымша, біз белгілі бір салыстырмалы тепе-теңдік нүктесіне жақындадық, енді жақын болашақта, меніңше бір-екі апта ішінде рубльдің де долларға қатысты, теңгенің де долларға қатысты бағамның тұрақталғанын көреміз. Бұл өте маңызды деп білемін. Тепе-теңдік нүктесіне келгенде, жағдай да тұрақталады, сол кезде ұзақ мерзімді болжам жасауға болады", — дейді Кәрім Мәсімов РИА Новости агенттігіне. 


Қазақстан үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда ұлттық валютаның бағамына екі фактор әсерін тигізеді. "Бірінші фактор — мұнай бағасы. Екінші фактор  — бұл рубль бағамының тұрақты валюталарға қатынасы, өйткені біз Ресеймен бірге бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз", — деп атап өтті Мәсімов.