Теңге сәл де болса күшейіп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге сәл де болса күшейіп келеді

Теңге сәл де болса күшейіп келеді

Теңге төртінші күн қатарынан күшейіп келеді. Доллар қазір ақша айырбастау орындарында 376-378 теңгеден сатылуда. Құны 400 теңгеге дейін жуықтаған АҚШ ақшасы соңғы төрт күнде 14 теңгеге арзандап отыр.

  • 26 Қаңтар 2016
  • 185
Фото - Caravan.kz

Тіпті, Қазақстан қор нарығының таңертеңгілік сессиясында 370 теңгемен саудаланған АҚШ валютасы артынша 373 теңгеге тұрақтаған. Дегенмен, түске қарай аздап көтеріліп, 376-378 теңгенің айналасында сатылып жатыр. Әлемдік мұнай бағасының оңала бастауы да теңге тағдырына оң әсерін тигізіпті. Айта кетейік, қара алтынның құны 10 пайызға қымбаттаған болатын. Содан бері төл ақшамыздың да жағдайы тәуірлей бастады.