Теңге тағы түрленді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге тағы түрленді

Теңге тағы түрленді

Қазақтың төл теңгесі тағы да түрленді. Ұлттық банк бүгін мерекелік мың теңгелік купюраны айналымға шығарды. Кескіні өзгерген теңге “Күлтегін” тарихи жазбасына арналып жасалған.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 216
Фото - Caravan.kz


Жаңадан басылған мың теңгелік бұрынғыларындай сары түсті. Басты бетінде дәстүрлі “Қазақ елі” монументі мен ұлы қаған Күлтегін кескіні бедерленген. Екінші қапталында түркі дәуірі жауынгерлері бейнеленіпті. Ал банкнотаның шетінде “Ескерткіш теңге” деген тайға таңба басқандай жазба тұр. Арнайы шығарылған бұл мың теңгелік 10 миллион данамен басылған.