Теңгенің девальвациясына байланысты халық үшін газ тарифі өседі -Табиғи монополияларды реттеу агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңгенің девальвациясына байланысты халық үшін газ тарифі өседі -Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Теңгенің девальвациясына байланысты халық үшін газ тарифі өседі -Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Қазақстанның газ импортына тәуелді бірқатар аймақтарында тарифтер теңгенің девальвациялануына орай артатын болады, деді Табиғи монополияларды реттеу мемлекеттік агенттігінің жетекшісі Мұрат Оспанов.

  • 13 Ақпан 2014
  • 794
Фото - Caravan.kz


"АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамының өзгеруі тек импортқа тәуелді аймақтардың, яғни Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласының тарифтеріне ықпал етеді", деді ол Астанада бейсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, түпкілікті баға құрылымында газ сатып алу 60- 70% құрайды. Шекарада газ сатып алу құны бір мың текшеметр үшін 85 доллар.

"Бірақ доллар бағамының өзгеруіне байланысты емес алғышарттардың бар екендігін атап өту керек. Қазіргі уақытта мұнай және газ министрлігі Алматы қаласы, Алматы, Маңғыстау облыстарының түпкілікті тұтынушылары үшін тарифке ықпал етерлік газдың көтерме бағасын бекіту жөнінде жұмыс жүргізіп отыр.Қажет болған жағдайда тұтынушылар топтарына орай сараланған тарифтер енгізілетін болады, біз халыққа түсетін жүктеменің минималды болуына назар бөлеміз", деді ол.