Бұл жерде менингит ошағы бар деген күдік бар, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні «Теңізшевройл» ЖШС жұмыс істейтін Теңіз кен орнында 1973 жылғы ШҚО азаматы — «Имстальком» ЖШС компаниясының қызметкері қайтыс болды. Тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша қаза болған адамның өліміне менингит себеп болуы мүмкін.