«Қазіргі кезде Теңізде бірнеше мың адамға арналған жаңа вахталық ауыл салуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жол құрылысы да басталып кетті. Ең бастысы, жобалау жұмыстары жалғасуда, ол жылдың соңына дейін созылады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жұмыс барысында жоба бойынша шығынды оңтайландыру жүргізіліп жатыр, бұл жоба тоқтатылды деген сөз емес», — деді Р. Артығалиев.
Айта кетейік, үшінші зауыт құрылысының жобасы жүзеге асырылғаннан кейін Теңіз кен орнында мұнай өндіру жылына 36 млн. тоннаға артады. 2014 жылы «Теңізшевройл» ЖШС 26,7 млн. тонна мұнай өндірген болатын.