Жарияланды: 680

«Теңізшевройл» ЖШС 2015 жылы мұнай өндіру көлемін өсірді

«Теңізшевройл» ЖШС 2015 жылы мұнай өндіру көлемін өсірді

2015 жылдың бірінші жартысында Атырау облысындағы Теңіз кенішінде жарты жылдың ішінде 14,7 млн. тонна мұнай өндірілген. 

Бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға көп, деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі.

2014 жылы Теңіз кенішінде 26,7 млн. тонна мұнай өндірілген. 2014 жылы кен орнындағы мұнайды өндіру көлемі 2013 жылмен салыстырғанда кеміп, 2013 жылдың көрсеткішінің 98,4 пайызын құраған. Өндірілген мұнайлық ілеспе газының көлемі де аз болған: 2014 жылы өндіру 14,1 млрд. текше метрді құраған: бұл 2013 жылғы көрсеткіштің 97,2 пайызы. Теңіздегі өндіру көлемінің төмендеуі жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін