«Биыл біз демократиялық саяси жүйені дамытуда сапалы қадам жасадық, бұл жерде президенттік республика моделінен президенттік-парламенттік модельге көшу жөнінде сөз қозғалып отыр. Сондай-ақ, өкілетті билік органдарының құзыреті аясын кеңейттік, саяси партияларды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін, сот жүйесін, азаматтық қоғам институттарын дамытуға тың серпін берілді», — деді Н. Назарбаев.
«Еліміздің парламенті жаңа Ата заңға сәйкес жұмыс істеп, жаңаша міндеттерді атқара бастады. Біз бұл ретте тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жолында алға қойған асқаралы міндеттерді еңсере алатынын ескердік», — деп қосты ол.
Мемлекет басшысының пікірінше, «еліміздің саяси жүйесін реформалауға бағытталған дәйекті жұмыстарсыз» ілгерілеушілік пен даму болуы мүмкін емес. «Әлемдік тәжірибені зерделей, талдай және соған сүйене келе біз саяси дамудың эволюциялық жолын таңдап алдық және басқа елдердің қатесін қайталаған жоқпыз. Және біз президенттік республика моделін таңдау арқылы қателікке бой алдырмадық, біз елімізді посткеңестік саяси және экономикалық хаостан еліміз тарихындағы аса күрделі кезеңде шығара алдық», -деген сенімде президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті