Терезеден секірмек болған Көкшетау тұрғыны әйелін соққыға жыққаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Терезеден секірмек болған Көкшетау тұрғыны әйелін соққыға жыққаны үшін ұсталды

Терезеден секірмек болған Көкшетау тұрғыны әйелін соққыға жыққаны үшін ұсталды

 Көкшетау полициясы 24 жастағы тұрғынды әйелінің арызы бойынша үш тәулікке қамауға алды.

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz


Бүгін  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, өзіне қол салмақ болған ер адам ақыл-есі дұрыстығы тексерілгеннен кейін қамауға алынды.
Осыдан төрт күн бұрын ол тұрғын үйдің сегізінші қабатына шығып алып, егер кішкентай қызын әкелмесе секіремін деп қорқытып, терезе алдында бірнеше сағат отырған болатын. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың келіссөздерінен кейін оны төменге түсіріп алу мүмкін болған.
Анықталғандай, ол жақында әйелін соққыға жыққан, ал әйелі оның үстінен полицияға арыз жазған екен.