— Улеп тұрған не?
— Жел.
— Осылай салынған ба? Мердігер кім?
— «Ақсай Строй Сервис».
Пугачев ауылындағы бұл емхана бір ай бұрын ғана пайдалануға берілген. Жергілікті атқамінерлер науқастарды емдейтін бөлімшемен мақтанғысы келсе керек, бірақ терезеден ысқырған желдің кесірінен бұлай болмады. Әрі «аурухананың құрылысына еш қатысымыз жоқ, бұл тиісті басқарманың ісі» деп ат-тондарын да ала қашты. Бірақ ашуға мінген Ноғаев бұған аудан әкімі де жауапты болуы керек екенін айтып, тез арада терезелерді ауыстырып, кем-кетіктерді жоюды талап етті.
-Нысанға құрылыс басқармасы ғана емес, сіз де жауап бересіз?Ауданда не болып жатыр, бәріне жауаптысыз. Түсіндіңіз бе?