Тергеу изоляторларын ІІМ-нің қарамағынан Әділет министрлігінің билігіне өткізу жуық арада жүзеге асырылмайды
Тергеу изоляторларын ІІМ-нің қарамағынан Әділет министрлігінің билігіне өткізу жуық арада жүзеге асырылмайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары - президент әкімшілігінің мемлекеттк-құқықтық бөлімінің бастығы И.Рогов хабарлады. |
И.Роговтың айтуынша, Тергеу изоляторларын ҚР Әділет министрлігінің қарамағына өткізуде министрліктің тікелей өзінің Тергеу изоляторлары жүйесін қабылдауға
әзірлігі , соның ішінде нормативтік тұрғыдағы дайындығының маңызы зор.
Сонымен бірге пенитенциарлық жүйені қолдан-қолға өткерген кездегідей, қаржыландыру мәселесін де түбегейлі шешу қажет. Бұл мәселелерді ҚР үкіметі тарапынан құрылатын арнайы комиссия қарастыратын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін