Терроризммен күресті баянды болдыру үшін Орталық Азия республикалары аймақтық ынтымақтастықты дамытуы керек- Л.Паско - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Терроризммен күресті баянды болдыру үшін Орталық Азия республикалары аймақтық ынтымақтастықты дамытуы керек- Л.Паско

Терроризммен күресті баянды болдыру үшін Орталық Азия республикалары аймақтық ынтымақтастықты дамытуы керек- Л.Паско

"Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бір осал тұс- аймақтық ынтымақтастықтың дамымауы болып табылады. Терроризммен күресті баянды болдыру үшін Орталық Азия республикалары аймақтық ынтымақтастықты, соның ішінде шекаралық бақылау мен саудадағы ықпалдастықты дамытуы керек ". Бұл туралы 7-маусымда Алматыда басталған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясының Трансазиялық парламенттік форумында АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразиялық мемлекеттер жөніндегі көмекшісінің орынбасары Линн Паско мәлімдеме жасады.

  • 8 Маусым 2003
  • 666
Фото - Caravan.kz

Л.Пасконың айтуынша,»терроризмен күрестің табысы ынтымақтастықпен тікелей байланысты. Конфронтация емес, экономика мен шекараның ашықтығы, автократия емес, саяси пікір алуандылығы, шекараны тарс жауып бүркемелену емес, мемлекеттердің ғаламдық экономикаға белсенді үлес қосуы терроризммен күрестің табыс көзі болмақ».

Әр елдегі қауіпсіздік сол мемлекеттің ішкі дамуына, экономикалық және саяси мәселелердегі ілгерілеушілікке тікелей байланысты,- деп атап көрсеткен Л.Пасконың пікірінше, Орталық Азия аймағындағы даму екі құрамды бөлшектен құралуы тиіс : мемлекеттердің экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге деген саяси құлшынысы , сондай-ақ, мемлекет пен халықаралық ұйымдар тарапынан аймақтық ынтымақтастықты дамытуға ықпалдастық жасау.
Л.Пасконың пікірінше, соңғы бір жылда АҚШ Орталық Азия республикаларына едәуір ауқымда көмек-жәрдем көрсетті. «Алайда ондай көмектің басым бөлігі білім беру, қайырымдылық көмек және қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын шешуге жұмсалды. Біздің пікірімізше, көмекті қазіргіден де ұлғайта түсуге , яғни, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдарға қолдау көрсетіп, баламалы қауіпсіздік құрылымдарын дамытуға мүмкіндік бар»,- деді Л.Паско.
Бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті толыққанды қамтамасыз ету үшін біз Орталық Азия аймағындағы мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты нығайта түсуіміз керек,- деп түйді өз сөзін АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасар көмекшісі.