Жарияланды: 570

ТГИЛ содырлары 300 адамды өлім жазасына кесті (ВИДЕО)

ТГИЛ содырлары 300 адамды өлім жазасына кесті (ВИДЕО)

Атышулы «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» содырлары 300 адамды өлім жазасына кесті,  www.24.kz.

Олардың кемінде елуі - әйел адам. Экстремистердің қолынан қаза тапқандардың барлығы бірдей Ирактың жоғарғы сайлау комиссиясының қызметкерлері болған. Радикалдар бір топ адамды атып өлтіріп, кейін туған-туыстарына жақындарынан айырылғаны туралы мәлім еткен. Бірақ «сатқындар мен кәпірлер» деген айыппен ату жазасына кескен құрбандарының денесін туысқандарына бермепті. Айта кетейік, таяуда Ирак билігі бір ғана Мосул қаласында содырлардың 2 мың бейбіт тұрғынын өлім жазасына кескенін мәлім еткен болатын. Аталған шаһар былтырдан бері лаңкестердің бақылауында.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін