«The New York Times» басылымында Семей полигонына қатысты шулы мақала жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«The New York Times» басылымында Семей полигонына қатысты шулы мақала жарық көрді

«The New York Times» басылымында Семей полигонына қатысты шулы мақала жарық көрді

Семей полигонында шашылып жатқан қалдықтардан атом бомбасын құрастыруға болады. Осындай шулы мақала АҚШ-тың белді басылымы «The New York Times» те жарық көрді. 

  • 20 Тамыз 2013
  • 429
Фото - Caravan.kz

Ал мұндай мәлімдемеге Гарвардтық Белфер орталығы ғалымдары мен Америкадағы ядролық қару дайындаумен айналысатын зертхана жетекшісі Зигфирд Хекердің баяндамалары арқау болыпты. Хекердің пайымынша, байытылған уран мен плутоний қалдықтарынан тағы 10 шақты «лас бомба» әзірлеуге болады. Яғни мұндай жарылғышты дайындау үшін радиоктивті қалдықтың өзі жеткілікті екен. Бұл қауіпті қалдықтар лаңкестердің қолына түсе ме деген үрей де бар дейді ол. Беделді басымдағы бұл мақала талайлардың үрейін ұшырғаны анық. Дегенмен америкалық әріптестерінің сөзін Курчатовтағы отандық ғалымдар жоққа шығарып отыр.  


Сергей Лукашенко, Ұлттық ядролық орталық радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры:

— Бұрынғы полигонда радиоктивті металдар бары рас. Бірақ олар жер астында көмілген. Оларды алып шығу үшін милиардтаған қаржы керек. Және одан бомба құрастыруға тек арнайы өндірістік кешенде ғана мүмкіндік бар. Кез- келген кісі жарылғыш зат құрастуы мүмкін деген ақылға қонымсыз.