Жарияланды: 590

«Тілге құрмет - елге құрмет» атты республикалық байқау басталды

«Тілге құрмет - елге құрмет» атты республикалық байқау басталды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы «Тілге құрмет - елге құрмет» республикалық байқауының басталғандығын жария етті.

Биыл аталған байқау Қазақстан халықтарының тілдері күнімен қатар ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Байқау «Мемлекеттік тілді қолдауға үлес қосқан ең үздік ұйым», «Қазақ тіліндегі БАҚ-тарда мемлекеттік тілді тарату және насихаттауға арналған ең үздік мақала мен телебағдарлама», «Орыс тіліндегі мемлекеттік тілді тарату және насихаттауға арналған ең үздік мақала мен телебағдарлама», «Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ең үздік жоба» және «Мемлекеттік тілдегі ең үздік интернет-жоба» деген бес аталым бойынша өтпек. Нұр Отан» партиясының орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, байқаудың жүлде қоры 3 млн. теңгені құрап отыр. 1-орынға ие болған жеңімпаздарға - 200-300 мың теңге, ал 2-3-орындар үшін 100-150 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар қарастырылған. «Байқаудың қорытындысы 22 қыркүйекте - Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай шығарылатын болады», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін