Тілшілер арасында байқау жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілшілер арасында байқау жарияланды

Тілшілер арасында байқау жарияланды

 

  • 27 Маусым 2016
  • 540
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі журналистер арасында өтетін «Мың жасаған Алматы» байқауын жариялады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің сайтында хабарланған, деп жазады Caravan.kz.

Аталған байқау ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына  орай өткізіледі. Сондай-ақ журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқауға биылғы жылдың 28 маусымнан 5 қыркүйек аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, бағдарламалар циклдері, түрлі жанрлардағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар мен журналистік зерттеулер және тағы басқалар қабылданады.Ал электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:


1. Үздік бейнесюжет; 2. Үздік радио-сюжет; 3. БАҚ-тағы үздік жарияланым; 4. Интернет-ресурстардағы үздік жарияланым; 5. Ақпараттық агенттіктердің ленталарында жарияланған үздік материал; 6. Үздік фотоматериал; 7. Үздік жас журналист; 8. Үздік блогер.

Байқаудың толық ережесімен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы сайтының «Хабарландыру» бөлімінде танысуға болады (http://uvp.almaty.kz).