Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық палатасындағы қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық палатасындағы қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық палатасындағы қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев “Атамекен” ұлттық палатасы төралқа төрағалығынан кетті.

  • 17 Қаңтар 2022
  • 74
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық палатасынан кетті деп хабарлайды Caravan.kz порталы Экспресс К. -ке сілтеме жасап.

"Бүгіннен бастап мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайланған төралқа төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Съезд делегаттары мен президиум мүшелеріне маған көрсетілген сенім үшін алғыс айтқым келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары қадағалау органын сегіз жыл бойы басқарғаным мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды, — деді ол өз хатында.

Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Соңғы жылдары Қазақстанның "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы, кәсіпкер, Қазақстандағы энергетикалық секторлар мен мұнай-газ кәсіпорындарын біріктіруші KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметтерін атқарды.