"Тірі өліксің": орыс сарбаздарының жыныс мүшесін көздеп атып жүрген мергендер қыздар болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тірі өліксің": орыс сарбаздарының жыныс мүшесін көздеп атып жүрген мергендер қыздар болуы мүмкін

"Тірі өліксің": орыс сарбаздарының жыныс мүшесін көздеп атып жүрген мергендер қыздар болуы мүмкін

Саясаттанушы  Асхат Қасенғали Украинада орыс сарбаздарының жыныс мүшесін көздеп атып жүрген мергендердің қыздар болуы мүмкін екенін алға тартты. 

  • 14 Маусым 2022
  • 3778
Фото - Caravan.kz

Оның себебі зәбір көрген әйелдер үшін кек алу деп пайымдайды саясаттанушы.

Ол бұл туралы ойын желіде жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.  

"Ресей әскері мен сепаратистерді украин мергендері белден төмен атып жатқаны жайлы ақпараттар шығып жатыр. Кеше ол жайлы Ресей сарбаздары пікір білдірген видео шықты. 

Жалпы менің ойымша көбіне снайпер қыз болғанда солай жасайды. Ол Югославия соғысында да, шешен соғысында да көп кездескен жайт. Себебі соғыста әйел адамға қатысты көп зорлық көрсетіледі, Украина жерінде де солай болуда. Ал бұл бір жағынан осылай кек алу десе де болады. Әйелдердің кегін қайтару.

Екінші жағынан мергендер (ер болсын, әйел болсын) бұл әдісті психологиялық негізде қолданатын сияқты. Себебі ер азамат үшін ондай өлімді, ондай жарақатты ойлаудың өзі ауыр. Бұл қорқыту, үркіту мақсатында жасалады. Тірі қалған күннің өзінде "тірі өліксің". Қоғам, әйелдер, достарың, туыстарың тарапынан күлкі, мүсіркеу болады. Ол ер азамат үшін сұмдық ауыр. Ондайды көргенше қақ маңдайдан қорғасын оқ кіріп, кететін жаққа ертерек кеткен дұрыс деп ойлайды көбісі. Сондықтан бұл ең бірінші психологиялық шабуыл. Қорқытудан бөлек, жеке құрамның бұйрыққа бағынбай, шабуылға шығудан бас тартуға дейін апару үшін жасалады.

Суретте украин мерген қызы. Бүркеншік аты "Уголек", деп жазды Асхат Қасенғали.


Еске салсақ, қазір Украина жерінде 111 күннен бері Ресей әскерімен қарулы қақтығыстар жүріп жатыр. Оны Ресей тарапты  арнайы әскери шара деп атауда. 4 қаңтар күні Ресей презденті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери шара өткізетіні жайлы хабарлады. 

 

Соңғы жаңалықтар