Тіркеусіз жүрген 500-ден астам адам полицейлердің қолына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тіркеусіз жүрген 500-ден астам адам полицейлердің қолына түсті

Тіркеусіз жүрген 500-ден астам адам полицейлердің қолына түсті

Көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1 083 көші-қон заңнамасын бұзу фактісін анықталды.  

  • 8 Қараша 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Осы жылдың 29 қазаны мен 6 қарашасы аралығында тұрғын үй иелері және тіркелетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер арасындағы делдалдық фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

"Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 1083 фактісі анықталды: 334 шетелдік келу ережесін бұзған, 107 қабылдаушы тұлға шетел азаматтарының келу ережесін бұзған, 98 тұрғын үй иесі нақты тұрмайтын азаматтарды тіркеуге қойған, 544 тұлға Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған", — деп хабарлады Астана қаласы полиция департаменті.

Пәтерді жалға берушілер көбінесе тұрғындарды тіркеуге тұрғызбайды. Салдарынан пәтерді жалға алушылар тұрақты мекенжайы бойынша тіркеуге тұра алмайды және тіркеусіз тұрады немесе жалған мекенжай бойынша тіркеліп, бір мекенжайда 100-ден аса адам тіркелуі мүмкін, деп жазды 
Елорда Инфо.

Тұрғын үй иелері мен тіркелетін Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы делдалдықтың 140 фактісі анықталды.

Соңғы жаңалықтар