Жарияланды: 100

"Тізең қайда, Мәдина?"

"Тізең қайда, Мәдина?"

Тізең қайда?

Сәдуақасова дәл осы суретті желіге жүктеген сәтте, әншіні оқырмандары бірден сұрақтың астына алды. Мәдинаның дене сымбатын әрлеу барысында компьютердің көмегіне жүгінген шебердің, фотошопты шектен тыс қолданғанын аңғарған деп хабарлайды "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасы.

Сәдуақасованың сыртқы бейнесін талқылауға түрткі болған сурет осы. Бір қарағанда образы көңілге қонымды-ақ. Алайда, фотошоптың қызығына кірген жігіт, әнші бикештің тізесін жоқ қылып жіберген.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Өзім отырып алып, фотошоп жасамаймын. Бірақ енді фотографтар өздері дайындап береді. Мен негізі өзім де байқамаппын сол кезде. Көрермендер, оқырмандар өздері байқап, неше түрлі жазды. Ол енді фотографтың аса бір кірісіп кеткен қателігі деп ойлаймын.

Иә, алғашқыда олқылықты аңғармаған Мәдина, өзі сенім артқан фотографқа бірден қоңырау шалады. Алайда, ағаттық жіберген жігіт, тұтқаны көтермепті.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Ол фотографқа мен 10 рет хабарласқан шығармын. Ол жауап бермейді. Білмеймін неге екенін... Өзімнің аяғымды орнына қойып, тізем қайда? Тіземді қоя сал, халық көріп жатыр, байқап жатыр дегендей қылып айтқым келді. Бірақ білмеймін неге жауап бермейтінін.

Мәдина, өзін тығырыққа тіреген маманды таяуда тауып, мәселені май шаммен қарамақшы. Жұрт алдындағы ыңғайсыз жайттан соң, Сәдуақасованың фотографтарға деген талаптары күшейген.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Мен негізі өзімді қандаймын, солай көрсетуге қиналмаймын, ұялмаймын. Бірақ қатты өзгертіп тастағаны маған ұнамайды, мүлдем басқа адамға ұқсатып!

Жуырда кезекті фотосессесия жоспарда тұр. Жаңа жұмыстың нәтижесін Мәдинаның оқырмандары желіге жүктелген күні бағалайды!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін