Аталған Бағдарлама тұрғын үй шаруашылығы саласы мамандарының құзыреттілігі мен білім деңгейін арттыруға бағытталған. Курстардың мақсаты, тұрғын үй-коммуналдық қатынастар нарығының барлық қатысушылары арасында ақпарат алу және өзара іс-қимыл деңгейін сапалы көтеру болып табылады.
Бағдарлама аясында 3, 5 және 10 күндік біліктілікті арттыру курстары (сертификат беру арқылы) және 3 өңірлік конференциялар өткізілді.
Ағымдағы жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін ТКШ мамандарының біліктілігін арттыру курстары Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл,Қызылорда, Талдықорған, Өскемен, Атырау, Орал, Ақтау қалаларында және Астана, Атырау,Тараз қалаларында өңірлік конференциялар өткізілді.
2018 жылы курстарда тұрғын-үй шаруашылығының 1150 маманы оқытылды.
