ТМД алты елінің шекара қызметі трансшекаралық қылмыстың алдын алу жөніндегі біріккен арнайы шаралар жүргізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД алты елінің шекара қызметі трансшекаралық қылмыстың алдын алу жөніндегі біріккен арнайы шаралар жүргізеді

ТМД алты елінің шекара қызметі трансшекаралық қылмыстың алдын алу жөніндегі біріккен арнайы шаралар жүргізеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. ТМД алты елінің шекара қызметі трансшекаралық қылмыстың алдын алу жөніндегі біріккен арнайы шаралар жүргізеді. Бұл туралы бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 58-ші отырысының үзілісінде журналистерге берген сұхбатында кеңестің үйлестіру қызметінің төрағасы Александр Манилов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Қыркүйек 2007
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз отырыста қарайтын өте маңызды мәселе — бұл шекаралық арнайы шаралар. Ең алдымен, біз ТМД алты мемлекетінің — Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның қатысуымен Орталық Азия аймағында басталатын арнайы шараларды талқылаймыз»,- деді А. Манилов.

«Іс-шараларды жүргізу мерзімін белгілі себептерге байланысты айта алмаймын, ал өткізілетін орны қатысатын мемлекеттердің барлық аумағында, шараларды өткізу мақсаты — ең алдымен контрабандашылардың заңсыз әрекеттерінің, шекара арқылы есірткінің, мигранттардың заңсыз өтуінің алдын алу; трансшекаралық қылмыстық әрекеттермен айналысатын тұлғаларды анықтау»,-деп түсіндірді А. Манилов.

Оның айтуынша, «жүргізілетін шаралардың мәні белгілі бір уақытта белгілі бір қосымша шаралар қабылдаумен қорытындыланады». «Яғни «Х» сағатында алты елдің шекарасында бір уақытта әртүрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, іс-шараның бірнеше кезеңі болады, оның нәтижесі аяқталғаннан кейін ақпарат бұқараға кеңінен жеткізіледі деп ойлаймын», деп қорытындылады А. Манилов.

«Аталмыш арнайы шараға сондай-ақ ТМД-ға мүше басқа да елдер тартылады, бірақ олар Орталық Азия аймағындағы жалпы шараларды өткізуге көмекші ретінде қатысады»,- деп қосты ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті