ТМД ақпараттық маркетингтік орталығын құру жөніндегі құжаттарды 2008 жылдың наурыз айында дайындау жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД ақпараттық маркетингтік  орталығын құру жөніндегі  құжаттарды  2008 жылдың наурыз айында дайындау жоспарланған

ТМД ақпараттық маркетингтік орталығын құру жөніндегі құжаттарды 2008 жылдың наурыз айында дайындау жоспарланған

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" -ТМД-ға қатысушы елдердің халықаралық-ақпараттық маркетингтік орталығын құру қужаттарын 2008 жылдың наурызына дейін дайындау жоспарланған. Мұндай шешім, ТМД-ға қатысушы елдердің Байланыс саласындағы аймақтық Достастығының жанындағы үйлестіру кеңесінің 12 отырысында қабылданды.

  • 13 Қараша 2007
  • 380
Фото - Caravan.kz

«2008 жылдың наурызына дейін ТМД елдері қатысушыларының мемлекетаралық ақпараттық -маркетинг орталығын құрып, жұмысын ұйымдастыратын құқықтық құжаттар дайындалуы керек»- делінген отырыстың қорытынды құжатында.

Үйлестіру кеңес і, сондай-ақ, ТМД экономикалық кеңесінің, мемлекетаралық ақпараттық-маркетингтік орталықтарын үйлестіру мен дамытуды қамтамасыз ететін ынтымақтастық кеңес органын құру жөніндегі ұсынысын қолдады.

Тауарлар мен қызмет түрлерін ТМД-ға қатысушы елдердің ұлттық нарықтарында өткізу үшін ақпараттық маркетингтік орталықтар жүйесін құру жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі 2008 жылға дейін ұзартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті