Жарияланды: 440

ТМД аясында ақпараттық-талдамалық департамент құрылады

Бішкек. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ТМД Атқару комитетінің аясында ақпараттық-талдамалық департамент құрылады. Бұл туралы кеше Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ТМД және ЕурАзЭҚ басқармасы бастығының орынбасары Олег Иванов Минскіде өткен жиында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінде ТМД аясында талдау жұмыстарына қатысты мәселенің өзектілігі артты. Сол себепті Атқрау комитетінің құрамында жаңа ақпараттық-талдамалық департамент құру ұсынылып отыр", - деді О. Иванов. Сонымен бірге отырыста салалық ынтымақтастық органдарын оңтайландыру мәселелері талқыланды. "Өткен отырыстарда ТМД-ға қатысушы елдердің ұлттық үйлестірушілері мен төрағалық туралы ережелердің жобалары келісілген. Достастықтың жоғарғы органдарының процедуралары ережелерінің жаңа редакциясына қатысты жұмыстар аяқталды. Олардың бәрі де 10 қазанда Бішкекте өтетін мемлекет басшылары кеңесінің қарауына ұсынылады", - деді О. Иванов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть