Сонымен бірге, ТМД елдеріндегі көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі декларация жобасын талқылау межеленіп отыр. ТМД экономикалық Кеңесінің отырысына қатысушылар сондай-ақ, ТМД рыногіне тауарлар мен қызмет түрлерін тарату үшін ақпараттық-маркетингтік орталықтар желісін құру жөніндегі 2005-жылға дейін есептелген мемлекетаралық бағдарламаның орындалу барысын сарапқа салады.
Отырыста ТМД аясындағы мемлекетаралық және үкіметаралық бағдарламалар жобасын жасау және оларды жүзеге асыру бырысы туралы да талқыланбақ. Қазіргі жағдаймен ТМД аясында мемлекет және үкіметаралық 32 бағдарлама жобасы бекітілді немесе жасалу үстінде.